Темір жолы билетін брондау және сатып алу туралы

Последние изменения: 05.07.2019

Пойыз билетін брондау үшін, Aviata.kz басты бетін ашыңыз. Сіз ЖД билеттер іздеу нысанын көресіз.

Бірінші торда шығатын қаланы белгілейсіз

Екінші торда келетін қаланы белгілейсіз

Үшінші торда келу/кету күндерін таңдайсыз

Найти билеты батырмасын табыңыз

Сайт билет іздеуді бастайды, нәтижесін күтіңіз.

Іздеу нәтижесі бетінде лайықты рейсті таңдаңыз. Іздеу нысанында сіз жол жүретін күндерін, бағытыңызды өзгерте аласыз. Билеттің бағасына бассаңыз, орын таңдау беті ашылады.

Вагон таңдағаннан кейін сізге керек орынды таңдайсыз. Сіз туралы мәліметтер толтыратын бет ашылады.

Өзіңіз туралы мәліметтерді төлқұжат бойынша енгізесіз:

• Тариф

•  Тегі

• Аты

• Әкесінің аты

• Құжат түрін  

• Құжат нөмірін

• Туған кезі

• ЖСН

• Ұялы телефон

• Электрондық пошта

Астында телефон нөмірімен электрондық поштаңызды енгізіңіз. Одан соң, сақтандыру немесе СМС хабарландыру қажет болса, таңдайсыз

Соңында сіз төленетін толық құнын көресіз. "Забронировать" басыңыз

"Забронировать" басқаннан кейін, төлем беті ашылады. Билетті Visa, Mastercard немесе Kaspi.kz интернет банкингі арқылы төлеуге болады.

Сатып алғаннан кейін, билетті бронда белгіленген поштада таба аласыз.

*Егер билетті приложение арқылы алсаңыз, "уведомления" бөлімінде таба аласыз.

Помогла ли вам статья?